Ic -шаралар
13 қыркүйек күні мектебімізде 5 сыныптар арасында "Көңілді старт" спорттық іс-шарасы болып өтті. Іс-шара елімізде өтіп жатырған V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынын қолдау мақсатында, "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізілді. Спорттық іс-шараға 5 сынып оқушылары, ата-аналары және мектеп әкімшілігі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Іс-шараның мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттау, көшпенділер ойынына өз үлестерін қосу, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын, оқушылардың арасында ынтымақтастықты қалыптастыру. Іс-шара барысына ұлттық ойындар элементтері енгізілді. Іс-шараға 5 "Б", 5 "В", 5 "Г" сыныбының командалары қатысты. Ұйымдастырушы: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдер. Іс-шара бірнеше кезеңдерден өткізілді. Іс-шара барысында мектебіміздің "Киокушинкай каратэ" секциясының оқушылар өз өнерлерін көрсетті, 6 "Ә" сынып оқушысы Мухамеджан Жансая өзінің әнін орындады. Іс-шара жоғарғы деңгейде, қызықты, тартысты өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша 1 орын-5 "Г" сыныбының командасы, 2 орын-5 "Б" сыныбының командасы, 3 орын-5 "В" сыныбының командасы иеленді. Оқушылар арнайы мадақтамамен, кубокпен марапатталды